Адвокат пен қорғаушының айырмасы қандай?

«Адвокат» пен «қорғаушы» синоним іспеттес болып көрінуі мүмкін, бірақ заңнамада олай емес




Адвокат — жоғары заң білімі бар, адвокат лицензиясын алған әрі адвокат қызметімен айналысып жүрген адам. Ал қорғаушы деген — қылмыстық істе қорғалу құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы, сотталушы мен сотталған, ақталған адамның құқығын қорғайтын адам. 

 

Қылмыстық істе қорғаушы міндетін әдетте адвокат атқарады. Бірақ қорғалу құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы, сотталушы мен сотталған адамның жұбайы, жақын туысы, қорғаншы, қамқоршысы да қорғаушы бола алады. 

 

Ал адвокат қорғаушы ғана емес, жәбірленуші не талап қоюшының өкілі бола алады. 

 

Қысқасы, адвокат — бұл мамандық, ал қорғаушы — оның қылмыстық істе атқаратын қызметі.

 


 

Бұрын адвокат пен заңгердің айырмашылығын түсіндіргенбіз. Оқи отырыңыз.

 


03/08/2021 13:26 4534 0

03/08/2021
13:26 4534 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление